Президент Маңғыстау облысына барды
Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі күндік жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында хабарлады.
Берік Уәлидің мәліметінше, бүгін мемлекет басшысы Ақтау қаласында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде жиын өткізіп, жаңа спорт кешеніне барады.
Сондай-ақ, қаланың туристік аймағындағы бірқатар инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысады.
Ертең Қасым-Жомарт Тоқаев "Отпантау-2021" командалық-штабтық оқу-жаттығуын бақылайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1933372-toqaev-aqtauga-usyp-keldi/