Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаланы автобуспен аралаған Ақтөбе әкімі Шахаровқа жұрт риза болды

Опубликовано:

Басшы
Фото: Ақтөбе қалалық әкімдігі

Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров бүгін жұмыс күнін журналистермен бірге өткізді. БАҚ өкілдерімен бірге шағын автобусқа отырып, қала аралаған шенді жолдарды асфальттау және аула аумақтарын абаттандыру жұмыстарын көрсетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әкім  тұрмыстық қалдықты шығаратын су жаңа техниканың қалай  жұмыс істейтінімен таныстырып, ауладағы қоқысты қолымен жинады. Ол әр тұрғынның қаланы таза ұстауға тиіс екенін атап, мәдениетті болуға шақырды және жергілікті әкімдік тарапынан жағдайды бақылауда ұстап отырғанын айтты.

"Халық саны өсіп келеді. Жыл сайын қоқыс жәшіктері алынады. Жылына қоқыс жәшіктері үшін 60-70 млн теңге жұмсалады",- деді әкім.

Әкімдік мәліметінше, қаладағы қоқыс мәселесі сұрыптау арқылы жолға қойылады. Алдағы уақытта қоқыс шығару тарифін көтеруге қатысты талдамалар жасалып жатқаны айтылды.

Сонымен қатар Ақтөбе қаласында қоқыс шығаруға төленетін тариф бағасы еліміз бойынша ең төмен екенін аталды. Оның өзін төлемей отырғандар бар. Қалада абонаменттердің 60 пайызы ғана қоқыс шығару ақысын уақытында телесе, 40 пайызы мүлде төлемейді. Олардың қарызы сотпен өндірілетін болады.

Қазір Ақтөбенің тазалығына 4 компания  жауап береді. Сужаңа контейнерлер әзірге тек Нұр-Ақтөбе мен Батыс-2 аудандарындағы кейбір аулаларға қойылған. Қалаға әлі осындай 3000 контейнер қажет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1933626-qalany-avtobuspen-aralagan-aqtobe-akimine-zurt-riza-boldy/

pixel