Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айдын Айымбетов "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясының төрағасы болды

Опубликовано:

Айдын Айымбетов
Айдын Айымбетов. Фото: gharysh.kz

"Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Айдын Айымбетов компания басқармасының төрағасы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы компанияның ресми сайты хабарлады.

Ресми сайттағы хабарламада ұшқыш-ғарышкер, әуе генерал-майоры Айдын Айымбетовтың аэроғарыш өнеркәсібіндегі жалпы еңбек өтілі 28 жыл екені көрсетілген.

Ол еліміздің Әскери-әуе күштері қатарында ұшқыш-жауынгер және әуе командирі ретінде қызмет атқарған.

2015 жылғы қыркүйекте "Союз ТМА-18М" ғарыш кемесінің бортинженері ретінде Халықаралық ғарыш станциясына ұшқан.

Квазимемлекеттік және мемлекеттік секторларда басшылық лауазымдарда жұмыс істеген:

  • Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының кеңесшісі;
  • ҰҒА Ғарыш қызметін дамыту департаментінің директоры;
  • "ҰҒЗТО" АҚ "Ғарыштық техника және технологиялар институты" ЕЖШС директорының орынбасары;
  • "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ Ғарыш жүйелерін жасау және пайдалану жөніндегі вице-президенті қызметін атқарған.

2019 жылдан бүгінгі күнге дейін "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары – Өндіріс жөніндегі басқарма мүшесі лауазымында болған.

Айдын Айымбетов – "Халық қаһарманы", "Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы" және "Отан" орденінің иегері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1934080-aidyn-aiymbetov-qazaqstan-garys-sapary-ulttyq-kompaniyasynyn-toragasy-boldy/

pixel