Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Есеп комитетінің төрағасы Тоқаевқа бюджетті жоспарлау кезінде жіберілген бірқатар кемшілікті айтты

Опубликовано:

Есеп комитеті
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады деп хабарлайды Ақорда.

Президентке 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасына жүргізілген алдын ала бағалаудың негізгі нәтижелері жөнінде баяндалды.  

Наталья Годунованың мәліметінше, 9 басым бағыт бойынша үш жылда жұмсалатын 3,2 триллион, оның ішінде 2022 жылға жоспарланған 1,2 триллион теңге көлеміндегі қаржыға бағалау жүргізілген.

Оның қорытындысы бойынша есеп комитеті жұмсалатын 1,16 триллион теңгені, оның ішінде 2022 жылға жоспарланған 306,3 миллиард теңгені оңтайландыруды ұсынып отыр.

Сондай-ақ, кездесу барысында бюджетті жоспарлау кезінде жіберілген бірқатар кемшілік айтылды. Тиісті органдарға оларды жою жөнінде нақты ұсыныстар берілген.

Сонымен қатар, есеп комитетінің төрағасы жекелеген аудиторлық іс-шаралардың алдын ала қорытындылары туралы айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметін жетілдіру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1934381-toqaev-esep-komitetinin-toragasyna-birqatar-tapsyrma-berdi/

pixel