Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Руслан Жақсылықов ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалды

Опубликовано:

Руслан Жақсылықов
Фото: gov.kz

Руслан Жақсылықов Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы болып тағайындалды. Тиісті жарлыққа президент қол қойды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

"Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы лауазымынан босатылды", - делінген құжатта.

Айта кетейік, Руслан Жақсылықов 1966 жылы 4 наурызда Алматы облысының Қаскелен қаласында қызметшілер отбасында дүниеге келген. Ұлты – қазақ.

1983 жылы Алматы облысы Қаскелен ауданының Киров атындағы орта мектебін бітіргеннен кейін И.С. Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесіне командалық-тактикалық басшылық мамандығы бойынша оқуға түсіп, оны 1987 жылы бітірген.

1996 жылы М.В.Фрунзе атындағы Әскери академияны командалық-штабтық жедел-тактикалық әскери барлау мамандығы бойынша тәмамдаған.

2004 жылы Ресей Федерациясы Қарулы күштері Бас штабы Әскери академиясында мемлекеттің әскери қауіпсіздігі мамандығы бойынша Жоғары академиялық курстарын аяқтаған.

Мансабы:

  • 2003 жылы Шымкент қаласының мәслихаты 3-ші шақырылымының депутаты болған.
  • 1987 және 2006 жылдар аралығында взвод командирінен бастап құрама командиріне дейінгі әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған.
  • 2006 және 2007 жылдар аралығында ІІМ Ішкі әскерлері қолбасшысының орынбасары.
  • 2007 және 2008 жылдар аралығында ІІМ Ішкі әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары – ІІМ Ішкі әскерлер Бас штабының бастығы.
  • 2008 жылғы 4 қыркүйектен бастап ІІМ Ішкі әскерлерінің қолбасшысы.
  • 2013 жылғы 22 қантардан бастап ІІМ Ішкі әскерлерінің бас қолбасшысы.
  • 2014 жылғы 24 сәуірден бастап Ұлттық ұланның бас қолбасшысы болған.

I, II дәрежелі "Даңқ" орденімен, Түркия Республикасы Қарулы күштерінің орденімен және КСРО, ТМД, Қазақстан Республикасының 40 медалімен марапатталған.

Педагогика ғылымдарының кандидаты. Әскери атағы - генерал-лейтенант.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1934460-ruslan-zaqsylyqov-iski-ister-ministrinin-orynbasary-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel