Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбылдағы жарылыс: Сапарбаев оқиғаға қатысты өсек-аянға сенбеуге шақырды

Опубликовано:

Бердібек Сапарбаев
Фото: Жамбыл әкімдігінің ресми сайты

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев ел тұрғындарын Тараз маңындағы жарылысқа қатысты өсек-аянға сенбеуге шақырды деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Бердібек Сапарбаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

"Байзақтағы жарылыстың себебі қашан анықталады деген сұрақтар бар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, ішкі істер министрлігі мен бас прокуратураның қызметтерінен құрылған тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Олар қалай тергеуді бітіреді, себеп те ресми айтылмақ.

Сол себепті жерлестерімнен сұрайтыным, ешқандай өсек сөздерге ермеңіздер. Байзақтағы болған жарылыс Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей бақылауында. Біз әрдайым жұмысты президентке айтып тұрамыз", - дейді Жамбыл облысының әкімі.

Ол кінәлі адамдар міндетті түрде анықталатынын жеткізді.

"Ал қалған жұмыс тоқтатылмайды. Үйлердің құрылысы бойынша жерлестердің сұрақтары болса, арнайы штабқа хабарласып, нақты мәлімет ала алады. Ешқандай өтірік, өсек әңгімелерге ермеулеріңізді сұраймыз", - дейді Бердібек Сапарбаев.

Еске сала кетейік, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінің маңынан өрт шығып, жарылыс болды. Салдарынан 17 адам қаза тапты.

Тағы бір өрт сөндіруші із-түзсіз жоғалып кетті. Бауыржан Дәуітбаев әлі күнге дейін табылмай отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1934492-zambyldagy-zarylys-saparbaev-oqigaga-qatysty-osek-ayanga-senbeuge-saqyrdy/

pixel