Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев тікұшақпен Шығыс Қазақстан облысына ұшып келді

Опубликовано:

Тікұшақ
Фото: Facebook / Берік Уәли

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына келді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы өз Facebook парақшасында жазды.

"Сапардың мақсаты – Ақтоғай кен байыту кешенін кеңейту жөніндегі жобаның қорытындыларымен танысу. Мемлекет басшысы өндіріс нысанының инфрақұрылымын аралап көріп, кәсіпорын базасында ашылған екінші кен байыту фабрикасының жұмысын ресми түрде бастауға рұқсат береді", - деп жазған Уәли.

Тоқаев
Фото: Facebook / Берік Уәли

Еске салсақ, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысындағы Қалжыр өзенінің ластануы мәселесін шешуді тапсырғанын жазған едік.

Одан бөлек, прездент Қазақстан мен Ресейдің XVII Өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысқанын жазған болатынбыз.

Форум аясында киіктерді қорғау және олардың санын көбейту, Каспий итбалығын қорғау, сондай-ақ өңірлер мен кәсіпкерлер арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайту жөнінде 13 құжатқа қол қойылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1934943-toqaev-tikusaqpen-sqo-ga-usyp-keldi/

pixel