Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Грузияда елдің бұрынғы президенті Михаил Саакашвили ұсталды

Опубликовано:

Михаил Саакашвили
Михаил Саакашвили. Фото: Aziz Karimov/Pacific Press/LightRocket via Getty Images

Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвили ел аумағында ұсталған. Бұл туралы Грузияның премьер-министрі Ираклий Гарибашвили хабарлады деп жазады РИА Новости.

"Біздің құзырлы орган өкілдерінде оның Украинадан бастап Грузияға дейінгі сапары жайында алдын-ала мәлімет болды", - дейді Ираклий Гарибашвили.

Дегенмен ол Саакашвилидің елдің нақты қай аумағында ұсталғанын айтпады.

Премьер тек құзырлы орган өкілдері экс-президентті тұтқындау операциясын жоғары деңгейде жүргізгенін атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Саакашвили видеоүндеу жасап, өзінің Батумиде екенін айтқан болатын. Алайда Грузияның Ішкі істер министрлігі бұрынғы президенттің шекараны кесіп өтпегенін айтып, бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Одан бөлек, ведомство Саакашвилиге іздеу жарияланғанын, егер ол Грузияға келсе бірден тұтқындалатынын айтты.

Естеріңізге сала кетсек, Михаил Саакашвили 2004-2013 жылдар аралығында Грузия президенті болды. Кейін елден қашып кетті. Оған қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалған және сот сырттай үкім кескен.

Сонымен қатар, саясаткер Украиндағы билік алмасу процесін белсенді түрде қолдап, 2015 жылы сол елдің азаматтығын алып, Одесса облысының басшысы, кейін сол кездегі ел президенті Петр Порошенконың кеңесшісі болған.

Азаттықтың мәліметінше, Порошенко пен Саакашвили қатынасы 2016 жылы жемқорлықпен күрес және реформа жасау туралы бастамалардан кейін бұзылып, қараша айында Саакашвили қызметінен босатылған.

2017 жылы шілде айында Саакашвили "Жаңа күштер рухы" (украин тілінде: Рух нових сил – ред.) деп аталатын оппозициялық партия құрған соң Порошенконың жарлығымен Украина азаматтығынан айырылған.

2019 жылдың мамыр айында Украинаның жаңа президенті Владимир Зеленский Саакашвилиге Украина азаматтығын қайтарып берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1935022-gruziyada-eldin-buryngy-prezidenti-mixail-saakasvili-ustaldy/

pixel