Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді

Опубликовано:

Тоқаев Жамбыл облысында
Фото: Facebook / berikuali

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өз Facebook парақшасында хабарлады.

"Сапар барысында президент иммунобиологиялық препараттар шығаратын биофармацевтикалық зауытқа барып, вакцина әзірлеу барысымен танысады.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы әлеуметтік нысандарды аралап, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы есебін тыңдайды", - деп жазған Берік Уәли.

Еске салсақ, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысында болып қайтқанын жазған едік.

Одан бөлек, президент Қазақстан мен Ресейдің XVII Өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысқанын жазған болатынбыз.

Шекара маңындағы аймақтар арасындағы ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелеріне арналған форумның жұмысына облыстардың басшылары, екі елдің салалық мемлекеттік органдары мен іскер топтарының өкілдері қатысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1935259-toqaev-zumys-saparymen-zambyl-oblysyna-keldi/

pixel