Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Степногорск қаласына жаңа әкім тағайындалды

Опубликовано:

Алпысбай Қайыржанов
Алпысбай Қайыржанов. Фото: gov.kz

Ақмола облысы Степногорск қаласының әкімі болып Алпысбай Қайыржанов тағайындалды. Бұған дейін ол Ақкөл ауданын басқарған деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Жұмыс сапарымен Степногорск қаласында болып, алдымен аудан активіне қатысып, Қазақстан Республикасының Президенті Əкімшілігінің келісіміне сай жəне аудандық мəслихат депутаттарының толық қолдауымен аудан əкімі лауазымына бұған дейін Ақкөл ауданының əкімі болып қызмет атқарған Алпысбай Қайыржановты актив мүшелеріне таныстырдым", - деп жазды Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев өзінің Instagram парақшасында.

Алпысбай Қайыржанов 1983 жылы 11 сәуірде Ақмола облысында өмірге келген. Жеке секторда жұмыс істеген. Содан кейін Шортанды ауылы әкімінің орынбасары, әкімі болған.

Шортанды ауданы тұрғын-үй шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімін басқарған. Сонымен қатар, аталған аудан әкімінің орынбасары болған.

Степногорск әкімі болып тағайындалғанға дейін Ақкөл ауданының әкімі қызметін атқарды.

Сондай-ақ облыс басшысы Степногорсктің бұрынғы әкімі Еркебұлан Баяхметов Есіл ауданын басқаратынын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1935471-stepnogorsk-qalasyna-zana-akim-tagaiyndaldy/

pixel