Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Украинаның шекара қызметі Саакашвили елден кеткен соң тексеруді бастады

Опубликовано:

Михаил Саакашвили
Михаил Саакашвили. Фото: Maxym Marusenko/NurPhoto/Getty Images

Украинаның мемлекеттік шекара қызметі Михаил Саакашвилидің елден кетуіне байланысты департамент ішінде тексеруді бастады деп хабарлайды РИА Новости.

Сонымен қатар, Оңтүстік өңірлік басқармасының бірнеше қызметкері тергеу аяқталғанға дейін жұмыстан уақытша шеттетілді. Бұл туралы Украина Мемлекеттік шекара қызметінің баспасөз хатшысы Андрей Демченко хабарлады.

Еске сала кетейік, Грузияның экс-президенті Михаил Саакашвили 1 қазанда ел аумағында ұсталған болатын. Бұл туралы Грузияның премьер-министрі Ираклий Гарибашвили хабарлаған.

Дегенмен ол Саакашвилидің елдің нақты қай аумағында ұсталғанын айтпады.

Премьер тек құзырлы орган өкілдері экс-президентті тұтқындау операциясын жоғары деңгейде жүргізгенін атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Саакашвили видеоүндеу жасап, өзінің Батумиде екенін айтқан болатын. Алайда Грузияның Ішкі істер министрлігі бұрынғы президенттің шекараны кесіп өтпегенін айтып, бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Одан бөлек, ведомство Саакашвилиге іздеу жарияланғанын, егер ол Грузияға келсе бірден тұтқындалатынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1935972-ukrainanyn-sekara-qyzmeti-saakasvili-elden-ketken-son-tekserudi-bastady/

pixel