Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Песков Путиннің туған күнін қалай өткізгенін айтты

Опубликовано:

Владимир Путин
Владимир Путин. Фото: Getty Images

Кремльдің баспасөз хатшысы Ресей президенті өз туған күнінде маңызды мәселелерді талқылағанын айтты деп хабарлайды РИА Новости.

"Көбіне қолына телефон ұстап, екіжақты қарым-қатынастың маңызды мәселелерін және аймақтық мәселелерді талқылады. Мұны телефонмен сөйлесулер туралы берген хабарламалардан түсінуге болады. Әрине, құттықтаулар да келіп жатты, бірақ уақыттың көп бөлігі жұмыс бабында жұмсалды", – деді Дмитрий Песков.

Бұған дейін Кремль баспасөз хатшысы Ресей президенті бұл күні жеке мейрамына байланысты өзінің жұмыстарын ысырып тастамайтынын айтты. Сондай-ақ, дәл осы күні, 7 қазанда Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелерінің қатысуымен отырыс өтті. Кездесуге қатысушылар Путинді құттықтады.

"Кешкі уақытты айтатын болсақ, бұл президенттің жеке кеңістігі. Әрине, оны отбасы мен достары құттықтады", – деді Песков.

Еске салсақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескен болатын.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді туған күнімен құттықтап, Ресей халқының игілігі жолындағы оның аса жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Қазақстан президенті Ресей көшбасшысының тату көршілік, стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында тұрақты дамып келе жатқан екіжақты қатынастарды нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, Владимир Путиннің күш-жігерінің арқасында Ресей әлемдік деңгейдегі беделді державаға айналды. Бүгінде Ресейсіз халықаралық маңызды мәселелерге қатысты ешқандай шешім қабылданбайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1936171-peskov-putinnin-tugan-kunin-qalai-otkizgenin-aitty/

pixel