RU

Тәліптер америкалықтармен Ауғанстанға гуманитарлық көмек жеткізуге келісті

Тәлібтер
Фото: John Moore/Getty Images

"Талибан" (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) АҚШ өкілдерімен Ауғанстанға гуманитарлық көмек жеткізуге келісті деп хабарлайды РИА Новости.

Америкалық делегациямен келіссөз Катарда өтті. Бұл "Талибан" қозғалысының алғашқы шетелдік сапары болды.

"АҚШ пен Ауғанстан Ислам Әмірліктері делегациялары арасындағы екі күнге созылған диалог сәтті өтті. Кездесу барысында саяси мәселелер егжей-тегжейлі талқыланды, ал Ислам Әмірлігі Доха келісімінің толық орындалуын шешудің ең жақсы әдісі деп санайды. АҚШ шенеуніктері ауғандықтарға гуманитарлық көмек көрсететінін, басқа гуманитарлық ұйымдарға көмек жеткізілетінін айтты", – делінген хабарламада.

Талибан барлық мәселе бойынша қайырымдылықпен жұмыс істегісі келетінін және ол жүзеге асатынын қоса кетті.

Сонымен қатар, АҚШ делегациясы мен Ауғанстанның жаңа үкіметі дипломатиялық қатынастарды жақсартуға күш салуға келісті және қажет болған жағдайда мұндай кездесулер алдағы уақытта да өткізіледі деген шешім қабылдады.

Еске салсақ, "Талибан" өкілдері Ауғанстан бойынша 20 қазанда Мәскеуде өтетін "мәскеу форматындағы" кездесуге қатысуға шақырылды.

Бұл ақпаратты Ресей Федерациясы президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі, Ресей Федерациясы сыртқы істер министрлігі Азияның екінші департаментінің директоры Замир Кабулов растады. Бірақ ол делегацияны нақты кім басқаратынын нақтылаған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1936371-talipter-amerikalyqtarmen-auganstanga-gumanitarlyq-komek-zetkizuge-kelisti/