Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Татарстанда ұшақ апатқа ұшырады: Тоқаев Путинге көңіл айтты

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан Президенті Татарстан Республикасы Мензелинск қаласының маңында кісі өліміне әкеліп соқтырған ұшақ апаты туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдады.

"Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза тапқандардың жақындары мен туыстарының қайғысына ортақтасып көңіл айтамын. Апаттан зардап шеккендер тезірек сауығып кетеді деп үміттенемін", – деп жазылған жеделхатта.

Еске сала кетсек, Татарстанның Мензелинск қаласының маңында бортында 23 жолаушысы бар ұшақ құлаған еді.

L-410 ұшағының бортында 20 парашютші мен екі экипаж мүшесі болған. Ұшақ Мензелинск қаласындағы қону жолағынан ұшқаннан кейін құлаған.

Алдын ала болжам бойынша, 16 адам көз жұмып, алтауы зардап шекті. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, зардап шеккен алты адамның біреуінің жағдайда ауыр.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметі бойынша ұшқыштар көз жұмды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1936465-tatarstanda-usaq-apatqa-usyrady-toqaev-putinge-konil-aitty/

pixel