Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО әкімінің орынбасары қарамағындағы қызметкері пара алғаны үшін отставкаға кетті

Опубликовано:

Айдар Нұрәлиев
Айдар Нұрәлиев. Фото: gov.kz

Батыс Қазақстан облысында әкім орынбасары Айдар Нұрәлиев қоластындағы қызметкері пара алғаны үшін отставкаға кетті. Оның арызына қол қойылып, қызметінен босатылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

БҚО бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің мәліметінше, денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысына қатысты айыптау үкімі күшіне енгеннен кейін Айдар Нұрғалиев бір айдан соң отставкаға кету туралы арыз жазған.

"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ол осылай жасауға міндетті. 9 қыркүйекте Нұралиев отставкаға өтініш берді. БҚО әкімі оны бір ай ішінде қарауы керек еді. Отставка қабылданды. Бүгін ресми түрде хат келуі керек", - деді БҚО бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің жетекшісі Ғалым Тұрсынбаев.

35 жастағы Айдар Нұрәлиев 2020 жылдың маусым айында әкім орынбасары болып тағайындалған. Ол денсаулық сақтау саласына жетекшілік еткен.

Оның отставкаға кетуіне өңірдегі денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Болатбек Қаюповқа қатысты айыптау үкімі себеп болып отыр. Қаюпов пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, 4 жыл 6 айға сотталды.

Тергеу нұсқасына сәйкес, шенеунік сыбайластарымен бірге медициналық фирма директорынан 7,8 миллион теңге көлемінде пара алған. Қарымта ретінде ол медициналық техниканы жеткізу бойынша аяқтау актілеріне қол қоюға уәде берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1936534-bqo-akiminin-orynbasary-qaramagyndagy-qyzmetkeri-para-algany-usin-otstavkaga-ketti/

pixel