Қырғызстан президенті үкіметті отставкаға жіберді
Опубликовано:

Қырғызстан президенті республиканың министрлер кабинетін отставкаға жіберді деп хабарлайды РИА Новости.
"Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров "Қырғыз Республикасының министрлер кабинетінің отставкасы туралы" жарлыққа қол қойды", – делінген мемлекет басшысы Садыр Жапаровтың баспасөз қызметі хабарламасында.
Министрлер жаңа үкімет келгенге дейін өз міндеттерін орындауды жалғастырады. Сондай-ақ, министрлер кабинетінің төрағасы міндетін атқарушы болып Ақылбек Жапаров тағайындалды.
Бұған дейін ол Қырғыз Республикасы премьер-министрінің орынбасары және экономика және қаржы министрі болған.
"Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров жарлыққа қол қойды, оған сәйкес Жапаров Ақылбек Үсенбекұлы Қырғыз Республикасы министрлер кабинеті төрағасының міндетін атқарушы – Қырғыз Республикасы президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды", – деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Қырғызстан президенті жаңа кабинеттің құрамына кандидаттар парламент қарауына жіберілгенін айтты.
"Біз Ақылбек Жапаровпен келістік. Ол биылғы жылдың бюджеті 280 миллиард сомға (3,3 миллиард доллар – ред.), ал келесі жылы 400 миллиард сомға (4,7 миллиард доллар – ред.) аяқталатынын айтты. Ол мұны істей алмаса, кейін мен шара қолданамын. Сондықтан біз оны әлі сынға алмаймыз, оған кабинет басшысының жауапкершілігін жүктеп, оған уақыт берейік", – деп жазды президент.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1936773-qyrgyzstan-prezidenti-ukimetti-otstavkaga-ziberdi/