Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Даниал Ахметов полицияға вакцина салдырмағандарды анықтауды тапсырды

Опубликовано:

Даниал Ахметов
Даниал Ахметов. Фото: ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов қала және аудан басшыларымен коронавирусқа қатысты жиын өткізіп, полицейлерге вакцина салдырмаған азаматтарды анықтау керек екенін айтты. Жиналыстың видеосы аймақ басшысының Instagram парақшасында жарияланған.

Жиналыс кезінде Ахметов қазіргі таңда коронавирусқа қарсы күрестің жалғыз тиімді жолы вакцина салдыру екенін атап өтті.

"Полиция департаменті сәрсенбі (13 қазанда) маған толық ақпарат беруі керек екенін еске саламын. Өскемен мен Семейде учаскелік полицейлер жұмыс жүргізуі керек. Сіздер үй-үйді аралап, вакцина салдырмағандардың нақты санын анықтауларыңыз қажет.

Мен бұл жұмысты полиция департаменті жүргізеді деп үміттенемін. Өскемен мен Семей әкімдері осы қарқында жұмысты жалғастырып, ішкі істер органдарымен бірге есеп беруі керек", - деді Даниал Ахметов.

Сонымен біргі, облыс әкімі қазір өңірде коронавирус жұқтыру көрсеткіші азайғанын айта кетті. Айтуынша, бұл бірлескен жұмыстың нәтижесі. Егер жұмыс әрі қарай жалғастырылса, онда облыстың "жасыл" аймаққа шығуға мүмкіндігі зор.

Еске сала кетсек, бұған дейін Даниал Ахметов көпшіліктің шағымынан кейін кей дәрігерлер қызметінен босатылғанын мәлімдеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1936920-danial-axmetov-policeilerge-vakcina-saldyrmagandardy-anyqtaudy-tapsyrdy/

pixel