RU

Тоқаев ТМД ұйымына мүше мемлекет басшылары кеңесінің отырысына қатысады

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысады. Бұл туралы Берік Уәли Facebook парақшасында хабарлады.

"Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 15 қазан күні Беларусь Республикасының төрағалығымен бейнебайланыс режимінде өтетін ТМД ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысады.

ТМД елдерінің басшылары достастық аясындағы ынтымақтастықты тереңдетудің жағдайы мен перспективаларын талқылайды. 2022 жылы ТМД ұйымына Қазақстан төрағалық етеді", - деді Уәли.

Еске сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойғанын жазған едік.

Заңға сәйкес, Қазақстанда жаңа жәрдемақы енгізіледі, ал оны I топтағы мүгедектерге күтім жасайтын азаматтар алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1936938-toqaev-tmd-uiymyna-muse-memleketter-bassylary-kenesinin-kezekti-otyrysyna-qatysady/