Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қиылған адам өміріне кім жауап береді": Депутат экстремалды ойын-сауықты қатаң бақылауды ұсынды

Опубликовано:

Артур Платонов
Артур Платонов. Фото: parlam.kz

Қарағандыдағы қайғылы оқиғадан кейін мәжілісмендер экстремалды ойын-сауықты қатаң бақылауға алуды талап етті деп хабарлайды КТК арнасы.

Депутат Артур Платонов үкімет отырысында экстремалды ойын-сауық түрлерін бақылауды бір ведомствоның қарауына беруді ұсынды.

Халық қалаулысы бұл мәселені ұлттық деңгейде интеграция минстрлігінің қатысуымен шешу қажет деген пікірде. Яғни, министрлікке жергілікті өзін өзі басқару органдарында аттракциондарды бақылау міндетін жүктеу керектігін алға тартты. Себебі, осындай аттракциондар еуразиялық ортақ талаптар бойынша ашылып, салық төлеп жұмыстарын жалғастыруда.

Депутат Қарағандыдағы биіктен секіру кезінде болған қайғылы жағдай осы олқылықтың салдары дейді. Қазанның 10 күні роупджампинг клубына келіп биіктен секірген Шахтинск қаласының тұрғыны жазатайым қазаға ұшырады. Әйелдің қазасына күдікті ретінде нұсқаушы ұсталғанымен, бұл проблема түп-тамырымен шешілмейді дейді Платонов. Айтуынша, жергілікті билік экстремалды ойын-сауық саласын бақылаудан қалған, ал арнайы заң мен ереженің жоқтығы бұл саладағылар үшін жақсы сылтауға айналыпты.

"Жергілікті басқару органдары бұл ойын-сауық түріне рұқсат бермедік деп аузын қу шөппен сүртеді. Оларға бұл ыңғайлы. Қайғылы жағдай бола қалса қатысы жоғын айтады. Ал қиылған адам өміріне кім жауап беруі керек? Сондықтан осы сұрақты үкімет деңгейінде шешуді ұсынамын", - деді мәжіліс депутаты Артур Платонов.

Дереккөз: КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1937027-qiylgan-adam-omirine-kim-zauap-beredi-deputat-ekstremaldy-oiyn-sauyqty-qatan-baqylaudy-usyndy/

pixel