Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Конституция рұқсат береді": Путин келесі президенттік сайлауға түсе ме

Опубликовано:

Владимир Путин
Владимир Путин. Фото: РИА Новости / Михаил Климентьев

Владимир Путин CNBC-ке сұқбат беріп, Ресейде өзінен кейінгі президент кім болатынына қатысты сұраққа жауап берді деп жазады РИА Новости.

"Мен мұндай сұрақтарға жауап бермеу жөн деп санаймын, бұл менің дәстүрлі жауабым. Келесі сайлауға дейін біраз уақыт бар. Осы тақырыптағы әңгімелер жағдайды тұрақсыздандырады. Барлық билік органы мен мемлекеттік құрылымдар сенімді түрде жұмыс істеп, болашаққа байсалды қарауы үшін жағдай тыныш, тұрақты болуы керек. Иә, Конституция маған тағы да сайлауға түсуге рұқсат береді. Бірақ мен бұған қатысты әзірге ешқандай шешім қабылдаған жоқпын", - деді Путин.

Сондай-ақ ол қазіргі уақытта Ресейдің басты мақсаты қандай екенін айтты.

"Ел азаматтарының табысын арттыру - біз үшін ең маңызды мәселе және біз шешуге тиіс ең басты міндет. Бұл біздің басты, негізгі міндетіміз, және біз оны қарапайым әдістермен шешпейміз", - деді Владимир Путин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1937050-konstituciya-ruqsat-beredi-vladimir-putin-kelesi-prezidenttik-sailauga-tuse-me/

pixel