Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев ТМД елдерін вакцинация паспорттарын өзара мойындауға шақырды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

ТМД мемлекет басшыларының онлайн кеңесінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзге елдердің басшыларын вакцинация паспортын өзара мойындауды жылдамдатуға шақырды деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"ТМД елдері аумағында вакцинация паспорттарын өзара мойындауды жылдамдатуды ұсынамын. Бұл өзара сенім мен ынтымақтастықтың маңызды сәті. Біз осындай шешім қабылдай отырып, азаматтардың еркін қозғалысын қамтамасыз етеміз және іскерлік байланыстарды жандандырамыз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, көптеген елдің шекарасынан өту үшін қазақстандықтардан вакцина паспорты болса да, ПТР анықтама көрсетуді талап етеді. Атап айтқанда, Қазақстан азаматтарының басым көпшілігі ресейлік "Спутник V" вакцинасын салдырғанына қарамастан, Ресейге кіру үшін ПТР тесттің теріс нәтижесі қажет.

Еске сала кетсек, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 15 қазан, бүгін Беларусь Республикасының төрағалығымен бейнебайланыс режимінде өтетін ТМД ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1937345-toqaev-tmd-elderine-vakcina-pasporttaryn-ozara-moiyndauga-saqyrdy/

pixel