Серік Сәпиев лауазымды қызметтен кетуіне қатысты пікір білдірді
Опубликовано:

Бокстан олимпиада чемпионы Серік Сәпиев лауазымды қызметтен кетуіне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Достар! Мен спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасы қызметінен өз еркіммен кетуге шешім қабылдадым. Мен осы қызметті атқарған жылдары жанымда көмек еткен барша басшыға және әріптестеріме рахметімді айтамын! Алайда, еліміздің спорт саласында еңбек ететін боламын",- деп жазды ол.
Айта кетейік, осыған дейін Серік Сәпиев мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметінен кеткенін жазған едік.
Сәпиев бұл қызметке 2019 жылдың қаңтар айында кіріскен болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1937902-serik-sapiev-lauazymdy-qyzmetten-ketuine-qatysty-pikir-bildirdi/