Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент жақын күндері мемлекеттік сапармен Түрікменстанға барады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 24-25 қазанда Түрікменстанға мемлекеттік сапармен барады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында хабарлады.

"Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев президент Гурбангулы Бердімұхамедовтің шақыруы бойынша 24-25 қазанда Түрікменстанға мемлекеттік сапармен барады.

Сапар барысында екі ел басшылары шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізеді деп жоспарланған. Келіссөздерде сауда-экономикалық, көлік-транзиттік және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан мен Түрікменстанның стратегиялық серіктестігін нығайтудың перспективалары қарастырылмақ.

Сонымен қатар өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікірлер ортаға салынады. Сапар қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылады деп күтілуде", - деп жазды Уәли.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1938481-prezident-24-25-qazanda-memlekettik-saparmen-turikmenstanga-barady/

pixel