Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Министрге тапсырма бердім": Ердоған Түркиядағы 10 елдің елшісін еліне қайтаруды бұйырды

Опубликовано:

Режеп Тайып Ердоған
Режеп Тайып Ердоған. Фото: Okan Ozer/Anadolu Agency/Getty Images

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елдің сыртқы істер министріне 10 мемлекеттің елшісін "персона нон грата" деп жариялауды тапсырды. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Басылымның жазуынша, олардың ішінде:

  • АҚШ
  • Канада
  • Франция
  • Финляндия
  • Дания
  • Германия
  • Нидерланд елі
  • Жаңа Зеландия
  • Норвегия
  • Швеция бар.

"Мен біздің елдің сыртқы істер министріне дереу шара қолдану керектігін айттым. Яғни аталмыш 10 елшіні "персона нон грата" деп жариялауды тапсырдым", - деді Түркия президенті Эскишехир қаласында сөйлеген сөзінде.

Басылымның мәліметінше, Ердоғанның мұндай шешім қабылдауына 18 қазан күні дипломаттардың құқық қорғаушы Осман Кавалды босату жайлы мәлімдемесі себеп болған.

Осыдан кейін барлық елшілер Түркияның Сыртқы істер министрлігіне шақырылып, оларға Консулдық қатынастар туралы Вена Конвенциясын сақтау қажеттігі ескертілген.

Айта кетейік, Осман Кавал құқық қорғаушы әрі этникалық және діни азшылық топтарын қолдайтын Anadolu Kültür AŞ мәдени қорының негізін салушы.

Ол 2013 жылы Стамбулда өткен жаппай наразылық шеруінде үкіметті биліктен кетіруге әрекет жасады деп айыпталып, 2020 жылдың ақпан айында ақталып шыққан еді.

Алайда Стамбул прокуратурасы босап шыққан сәтте оны қайта қамауға алуға ордер берді. Бұл жолы Осман Кавал 2016 жылы елде болған мемлекеттік төңкеріс талпынысына қатысы бар деп айыпталған. Содан бері ол қамауда отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1938606-ministrge-sara-qoldanu-kerektigin-aittym-erdogan-10-eldin-elsisin-turkiyadan-sygaryp-ziberudi-tapsyrdy/

pixel