Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстанда президент сайлауы басталды

Опубликовано:

Өзбекстандағы президент сайлауы1
Өзбекстандағы президент сайлауы. Фото/Sputnik Өзбекстан: Sputnik Өзбекстан

Бүгін Өзбекстанда президент сайлауы өтіп жатыр. Мемлекет басшысының лауазымына 5 кандидат таласуда. Олардың арасында елдің қазіргі президенті Шавкат Мирзиеев те бар деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан.

Басылымның жазуынша, Шавкат Мирзиеевтен бөлек, үміткерлер арасында Экология партиясының лидері 46 жастағы Нарзулло Обломурадов, "Адолат" партиясының лидері 62 жастағы Бахром Абдухалимов, "Миллий тикланиш" партиясының 46 жастағы төрағасы Әлішер Қадыров және Өзбекстан халық-демократиялық партиясының өкілі 60 жастағы Максуда Варисова бар.

Сайлауда жеңіске жету үшін кандидат 50 пайыздан аса дауыс жинауы керек.

Азаттықтың хабарлауынша, заң бойынша, бірде-бір кандидат 50 пайыз дауыс жинай алмаса, екінші тур өтеді. Оған бірінші турда ең көп дауыс жинаған екі кандидат қатысады.

Сайлауды жарамды деп табу үшін оған дауыс берушілердің 33 пайызы қатысуы тиіс.

Басылымның жазуынша сарапшылар сайлауда Өзбекстанның қазіргі президенті Шавкат Мирзиеевті жеңеді деп болжап отыр. Себебі, өзге кандидаттар аса танымал емес. Олар тіпті телевизиялық дебатқа да қатыспаған, өз орнына өкілдерін жіберген. Ал тәуелсіз кандидаттар тіркелмеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1938622-ozbekstanda-prezident-sailauy-bastaldy/

pixel