Тоқаев мемлекеттік сапармен Түрікменстанға барды (фото, видео)
Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің шақыруы бойынша мемлекеттік сапармен Ашхабадқа барды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында хабарлады.
Берік Уәлидің мәліметінше, сапар барысында екі ел делегациясының шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздері өтеді.

Тараптар қазақ-түрікмен стратегиялық серіктестігінің жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық мәселелерді қарастырады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1938645-toqaev-zumys-saparymen-turkimenstanga-bardy/