Түрікменстан президенті Тоқаевқа арғымақтарын көрсетті
Опубликовано:

Түрікменстанға мемлекеттік сапармен келген президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ахалтеке жылқысына арналған кешенге барды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент Гурбангулы Бердімұхамедовпен бірге Ахалтеке жылқысына арналған кешеннің ипподромын аралап көрді.

Мемлекет басшысына Түрікменстан президентінің арғымақ аттары көрсетілді.

Іс-шара барысында құрметті қонақтар шабандоздардың өнерін тамашалады.





Айта кетейік, мемлекет басшысы Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің шақыруы бойынша 24 қазанда мемлекеттік сапармен Ашхабадқа барған еді.
Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің мәліметінше, сапар барысында екі ел делегациясының шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздері өтеді.
Одан бөлек, тараптар қазақ-түрікмен стратегиялық серіктестігінің жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық мәселелерді қарастырады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1938660-turikmenstan-prezidenti-toqaevqa-argymaq-attaryn-korsetti-foto/