Тоқаев Маминге БҰҰ сессиясында Қазақстан делегациясын басқаруды тапсырды
Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Маминге тапсырма берді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.
Берік Уәлидің мәліметінше, президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Маминге COP26 климаттың өзгеруі жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының негізгі Конвенциясына қол қойған елдер конференциясының 26-сессиясына қатысатын Қазақстан делегациясын басқарып баруды тапсырған.
Жиын Шотландияның Глазго қаласында өтеді.
Еске салсақ, бұған дейін Асқар Мамин президентке азық-түлік бағаларын тұрақтандыру шаралары туралы айтып бергенін жазған едік.
Одан бөлек, премьер-министр "Шеврон" (Chevron) компаниясының өндіру мәселелері жөніндегі вице-президенті Джеймс Джонсонмен келіссөз жүргізгенін жазған болатынбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1938937-toqaev-maminge-buu-sessiyasynda-qazaqstan-delegaciyasyn-basqarudy-tapsyrdy/