Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гурбангулы Бердімұхамедов Ашхабадта Абайға ескерткіш орнатуды ұсынды

Опубликовано:

Тоқаев/ Бердімұхамедов
Фото: Ақорда

Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Ашхабадта Абай Құнанбайұлына ескерткіш орнату ұсынысын жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түрікменстанға мемлекеттік сапары барысында осы елдің көшбасшысы Гурбангулы Бердімұхамедов Ашхабадта қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлын ұлықтауға ұсыныс жасағаны белгілі болды.

Түрікменстан президентінің пікірінше, Абайдың мүсіні екі халықтың жоғары адамгершілікке негізделген рухани бағдарын, сондай-ақ елдеріміз арасындағы достық пен ынтымақтастықтың шынайы көрінісін айғақтайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бастаманы толық қолдап, ризашылығын білдірді.

"Абайдың қасиетті түрікмен жерінде ұлықталуы – барша қазақ халқы үшін ақжолтай жаңалық" – деді Қазақстан президенті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1939066-gurbanguly-berdimuxamedov-asxabadta-abaiga-eskertkis-ornatudy-usyndy/

pixel