RU

Қамауда отырған Болат Бақауов соттан мерзімінен бұрын босатуды сұрады

Сотталған экс-әкім Болат Бақауов мәжбүрлі жұмыстан босатылды
Болат Бақауов. Фото: instagram.com/pavlodar_region

Жазасын өтеп жатқан Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауов мерзімінен бұрын босатуды сұрап, сотқа құжаттар тапсырды. Әзірге шешім қабылданған жоқ. Алайда сот отырысы жоспарланып қойылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Істерді қарау кестесінде сот кабинетіне өтініштің Болат Бақауовтан келіп түскені көрсетілген.

Сот отырысы 29 қазанға жоспарланған.

Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі бұл ақпаратты растап, сотталушының мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініш жазғанын мәлімдеді.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың 15 қаңтарында Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың ұсталғаны жайлы ақпарат тарады.

16 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұған қатысты пікір білдіріп, 15 қаңтарда аймақ басшысына қатысты жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілгенін мәлімдеді.

17 қаңтарда Павлодардың тергеу соты Бақауовты екі айға қамауға алу туралы санкция берді.

Біраз уақыттан кейін экс-әкімге қатысты бұлтартпау шарасы өзгертіліп, ол үйқамаққа ауыстырылған еді. Бұған Болат Жұмабекұлының денсаулығының нашарлауы себеп болған.

Сонымен бірге, 2020 жылдың мамыр айында сот үкімі шығып, Болат Боқауовтың 3,5 жылға бас бостандығы шектелді. Ол өзінің қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланағанын мойындаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1939270-qamauda-otyrgan-bolat-baqauov-sottan-merziminen-buryn-bosatudy-surady/