Талғар қаласына жаңа әкім тағайындалды
Опубликовано:

Алматы облысы Талғар қаласының әкімі болып Қайрат Исабаев тағайындалды. Бұл туралы өңірлік әкімдік Instagram парақшасында хабарлады.
Талғар ауданы сайлау комиссиясының дерегінше, сайлауға тұрғындардың 58 пайызы қатысқан. Ал әкім лауазымына 3 кандидат ұсынылған.
Нәтижесінде Қайрат Исабаев сайлаушылар дауысының 53,5 пайызын, Абзал Сағымбекұлы 35,3 пайызын, Ұлан Қызайбек 7,7 пайызын жинаған.
Сондай-ақ, сайлаушылардың 1,6 пайызы бәріне қарсы дауыс берген.
Аудандық сайлау комиссиясының мәліметінше, Қайрат Кәрімұлы 1968 жылы дүниеге келген, Қызылқайра ауылының дәрігелік амбуляториясының меңгерушісі, әкім лауазымына өзін-өзі ұсынған.
Ол Талғар қаласында тұрады.
Сондай-ақ, Исабаев Талғар аудандық орталық ауруханасында лауазымды қызметтер атқарған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1939890-talgar-qalasyna-zana-akim-tagaiyndaldy/