Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

G20 саммитіне 85 көлікпен келген Джо Байден желіде күлкіге қалды (видео)

Опубликовано:

Джо Байден
Джо Байден. Фото: Darrian Traynor/Getty Images

G20 әлем елдері көшбасшыларының кездесуіне 85 көліктің ілесуімен келген АҚШ президенті Джо Байден әлеуметтік желіде сынға ұшырады.

31 қазанда жаһан көшбасшыларының қатысуымен G20 саммиті басталды. Іс-шара барысында климаттың өзгеруі проблемасын қоса алғанда, өзекті мәселелер талқыланған.

АҚШ көшбасшысы Джо Байден саммитке 85 көліктен тұратын кортежбен келген. Желі қолданушыларының айтуынша, кездесу барысында жаһандық жылыну мәселесі де талқыға түскен.

"Ауаның ластануын тежеу ​​шаралары?! Меніңше, олардың қолға алуға құлшынысы жоқ, оларға бәрібір. Бұған әлі де сенетіндер - ақымақтар", - деді италиялық желі қолданушыларының бірі

"Ол жолдан адаспады деп үміттенемін", - деп қалжыңдады екіншісі,

"Бұл климатқа пайдалы болатынына сенімдімін", - деді тағы бір желі қолданушысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1939949-g20-sammitine-85-kolikpen-kelgen-dzo-baiden-zelide-kulkige-qaldy-video/

pixel