Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ президенті Джо Байден БҰҰ саммитінде ұйықтап қала жаздады (видео)

Опубликовано:

Джо Байден
Джо Байден. Видеодан кадр: YouTube

АҚШ көшбасшысы Джо Байден Глазгода өткен климаттық саммитте ұйықтап қала жаздады. Әлеуметтік желілерде конференцияда көзі ілініп кеткен президенттің видеосы қарқынды тарап жатыр, деп хабарлайды Fox News.

Видеожазбада қолын айқастырып алған Джо Байденнің бірер минутқа көзі ілініп кеткені көрсетілген.

Содан кейін оған президенттік аппараттың қызметкері келіп, әлденені айтады. Осыдан соң АҚШ президенті оянып, сөз сөйлеп жатқандардың баяндамасын тыңдауды жалғастырған.

Басылымның жазуынша, АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп біраз уақыт бұрын саяси қарсыласын "Ұйқылы Джо" деп атаған көрінеді.

Ал Twitter пайдаланушылары америкалық көшбасшы егде жасына әрі АҚШ пен Шотландия арасындағы уақыт белдеулерінің өзгеруіне байланысты ұйықтап кетуі мүмкін деп топшылап отыр.

Сонымен қатар, мұндай іс-шараларда кез келген адам бірнеше сағат бойы отырып, баяндамаларды тыңдай алмайды.

Еске сала кетсек, бұған дейін G20 әлем елдері көшбасшыларының кездесуіне 85 көліктің ілесуімен келген АҚШ президенті Джо Байден әлеуметтік желіде сынға ұшыраған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1940045-aqs-prezidenti-dzo-baiden-buu-klimattyq-sammitte-uiyqtap-qala-zazdady-video/

pixel