RU

Өзбекстан президенті елдегі барлық әлеуметтік желіні бұғаттаған шенеунікті қызметінен босатты

Шавкат Мирзиеев
Шавкат Мирзиеев. Фото: Olivier Douliery-Pool/Getty Images

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Ақпараттандыру және телекоммуникациялар саласындағы бақылау мемлекеттік инспекциясының басшысы Голибшер Зияевты қызметінен босатты.

Президенттің баспасөз хатшысы Шерзод Асадовтың Telegram-арнасында хабарлағандай, Зияев қате және келісілмеген әрекеттері үшін қызметінен босатылған.

"Мемлекет басшысының тапсырмасымен Ақпараттандыру және телекоммуникациялар саласындағы бақылау мемлекеттік инспекциясының басшысы Голибшер Зияев қате және келісілмеген әрекеттері үшін қызметінен босатылды, орын алған жағдайға бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілетін болады", – делінген баспасөз хатшысының хабарламасында.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, Мирзиеев республикадағы әлеуметтік желілердің жұмысын шектеу шешімін болжамсыздық деп атаған. Жақында әлеуметтік желілерге кіру қалпына келтіріледі.

Еске салайық, Өзбекстандағы қадағалау органы елдегі бірқатар әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді бұғаттау туралы шешім қабылдаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1940496-ozbekstan-prezidenti-eldegi-barlyq-aleumettik-zelilerdi-bugattagan-seneunikti-qyzmetinen-bosatty/