Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев жұмыс сапарымен Екібастұз қаласына тікұшақпен ұшып келді (фото)

Опубликовано:

мемлекет басшысы
Фото: facebook.com/Berik Uali

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Павлодар облысының Екібастұз қаласына келді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Мемлекет басшысы жұмыс сапары барысында моноқалаларды дамыту жөнінде кеңес өткізіп, Президенттік жастар кадр резервінің өкілдерімен кездеседі. Сонымен қатар қаладағы индустриалды кәсіпорындарға баруы жоспарланған", - деді Берік Уәли.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Мұрат Бектановты қабылдаған еді.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысына Қарулы Күштердің биылғы атқарған қызметінің негізгі қорытындылары, оның ішінде армияны техникалық тұрғыдан қайта жарақтандыру барысы туралы баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және әскердің 2030 жылға дейінгі құрылымын қалыптастыруға бағытталған негізгі құжаттарға қатысты жұмыстардың аяқталғаны жөнінде мәлімет берілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1940511-toqaev-zumys-saparymen-ekibastuz-qalasyna-keldi-foto/

pixel