Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сауда министрлігі Қытаймен шекарадағы дүрбелеңнің себебін түсіндірді

Опубликовано:

Шекара бекеті
Көрнекі фото: piqsels.com

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Сауда және интеграция вице-министрі Ержан Қазанбаев Қытаймен мемлекеттік шекарадағы жағдайға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазанбаев Қытаймен арадағы шекара мәселесін маңызды әрі өзекті деп атады.

"Біз туындап жатқан проблемаларды байқап отырмыз. Бірақ оның басты себебі – коронавирус пандемиясы екенін түсінеміз. Қытай тауарларды қабылдайтын шекарасын толығымен жауып тастады. Келіп жатқан тауарларды екі, кейде үш рет тазалау процесі жүріп жатыр. Сондықтан жүктер шекарада аялдап қалып отыр", – деп түсіндірді спикер.

Оның айтуынша, Қазақстан билігі бизнеске тұрақты түрде көмектесу үшін Қытай тарапымен осындай режимде келіссөздер жүргізіп жатыр.

"Біз белгілі бір нәрселер бойынша тауарларымызды мүмкіндігінше тезірек жеткізу үшін келісімге келуге тырысамыз. Әлемдегі COVID-19 жағдайы бәсеңдемейінше және Қытай тарапынан шекарадағы карантиндік шектеулер және коронавирусқа қатысты жағдай жеңілдемейінше, шекара әзірге жабық болуы мүмкін. Жағдай түзелсе, Қытай біртіндеп шекарасын аша бастайды", – деп түйіндеді сөзін Қазанбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1940808-sauda-ministrligi-qytaimen-sekaradagy-durbelennin-sebebin-tusindirdi/

pixel