Тоқаев бокстан әлем чемпионатында жүлде алған бес қазақстандықты құттықтады
Опубликовано:

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі ресми парақшасында бокстан әлем чемпионатында жүлде алған боксшыларды құттықтады.
"Бокстан әлем чемпионатында алтын алған Теміртас Жүсіпов пен Сәкен Бибосыновты, күміс олжалаған Махмұд Сабырхан мен Серік Теміржановты және ұлттық құрама капитаны, қола жүлдегер Абылайхан Жүсіповті шын жүректен құттықтаймын! Елдің атын шығарған ерлерімізге табыс тілеймін!", – деп жазды мемлекет басшысы әлеуметтік желіде.
Байрақты бәсекеге барған қазақстандық былғары қолғап шеберлерінің кездесулері туралы бұған дейін жазған едік:
- Теміртас Жүсіпов – Вуттичай Юрачай (Таиланд);
- Сакен Бибосынов – Роско Хилл (АҚШ);
- Махмұд Сабырхан – Томоя Цубой (Жапония);
- Серік Теміржанов – Джамал Харви (АҚШ);
- Абылайхан Жүсіпов – Севонрец Окадзава (Жапония).
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1940920-toqaev-bokstan-alem-cempionatynda-zulde-algan-bes-qazaqstandyqty-quttyqtady/