Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев бокстан әлем чемпионатында жүлде алған бес қазақстандықты құттықтады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі ресми парақшасында бокстан әлем чемпионатында жүлде алған боксшыларды құттықтады.

"Бокстан әлем чемпионатында алтын алған Теміртас Жүсіпов пен Сәкен Бибосыновты, күміс олжалаған Махмұд Сабырхан мен Серік Теміржановты және ұлттық құрама капитаны, қола жүлдегер Абылайхан Жүсіповті шын жүректен құттықтаймын! Елдің атын шығарған ерлерімізге табыс тілеймін!", – деп жазды мемлекет басшысы әлеуметтік желіде.

Байрақты бәсекеге барған қазақстандық былғары қолғап шеберлерінің кездесулері туралы бұған дейін жазған едік:

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1940920-toqaev-bokstan-alem-cempionatynda-zulde-algan-bes-qazaqstandyqty-quttyqtady/

pixel