Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Михаил Саакашвили ауруханаға түсіп қалды

Опубликовано:

Михаил Саакашвили
Михаил Саакашвили. Фото: Aziz Karimov/Pacific Press/LightRocket/Getty Images

Қамауға алынғаннан кейін аштық жариялаған Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили түрме ауруханасына жатқызылды.

Саясаткердің ауруханаға жатқызылғаны туралы ақпаратты Sputnik Грузияға Грузияның пенитенциарлық қызметі растады.

"Денсаулығының одан әрі нашарлауына жол бермеу үшін және қауіптің артуына байланысты тұтқын Михаил Саакашвили 12-ші пенитенциарлық мекемеден айыпталушылар мен сотталғандарға арналған №18 емдеу мекемесіне ауыстырылды. Араға уақыт салып, халыққа қосымша ақпарат беріп отыратын боламыз", – делінген пенитенциарлық қызмет таратқан хабарламада.

Сонымен қатар, Саакашвилидің өзі де адвокаттарының сөзін құптап, түрмеде өзіне қауіп төнуі мүмкін екенін айтып, азаматтық ауруханаға жатқызуды талап еткені белгілі болды.

Айта кетейік, өз елінде ұсталған саясаткер осыдан бір айын бұрын аштық жариялаған болатын. Бірнеше күннен кейін оның дәрігері Николоз Кипшидзе Саакашвилидің жағдайы нашарлай бастағанын хабарлаған болатын.

Кейін Михаил Саакашвилидің анасы журналистерге ұлын түрмеден тікұшақпен алып кеткенін, бірақ оның нақты қай жерде екенін білмейтінін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1941201-mixail-saakasvili-auruxanaga-tusip-qaldy/

pixel