Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Жоғарғы сот төрағасын қабылдады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Жақып Асанов
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Жақып Асанов. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Президентке сот жүйесін жаңғырту жұмыстары жөнінде мәлімет берілді.

Жоғарғы сот төрағасы мемлекет басшысына Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс күшіне енгеннен кейінгі 4 ай ішіндегі нәтижелер туралы айтты.

Оның сөзінше, жаңа кодекстің енгізілуі шенеуніктердің ойлау жүйесін өзгертуге және тәртібін күшейтуге бағытталған.

Сонымен қатар, Жақып Асанов президентке дау-жанжалдарды шешудің баламалы тәсілдерін енгізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа жобаларды ілгерілету, біркелкі сот тәжірибесін және қылмыстық процесте тараптардың шынайы жарысын қамтамасыз ету жөнінде баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіліп жатқан реформалардың заң үстемдігін толық қамтамасыз етуі, азаматтардың құқықтарының қорғалу деңгейінің артуына септігін тигізуі және биліктің сот тармағына деген қоғамның сенімін күшейтуі қажет екенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1941295-toqaev-zogargy-sot-toragasyn-qabyldady/

pixel