Даниал Ахметов өзінің отставкаға кетуін талап еткен кәсіпкелерді сотқа берді
Опубликовано:

Өскемен қалалық сотына Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппараты мен өңір басшысы Даниал Ахметовтен бірқатар кәсіпкерге қатысты арыз түсті деп хабарлайды YK-news.kz.
Сот құжатындағы деректерге сәйкес, ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау туралы талап арыз бойынша 22 адам жауапкер болып отыр.
Олардың көпшілігінің аты-жөні осыдан біраз уақыт бұрын басталған жанжалмен байланысты.
Кәсіпкерлер Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік сатып алу процедурасы өрескел заң бұзушылықпен жүргізіліп жатқанын айтып, облыс әкімін қызметінен босату мәселесін көтерген.
"Талапкер мен жауапкерлер арасындағы татуласу процедурасы талапкердің бас тартуына байланысты өткен жоқ", - деп хабарлайды сот.
Соттың алдын ала тыңдалымы 18 қарашаға белгіленген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1941349-danial-axmetov-ozinin-otstavkaga-ketuin-talap-etken-kasipkelerdi-sotqa-berdi/