Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жақын күндері Түркияға барады
Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жақын күндері Түркияның Стамбұл қаласына жұмыс сапарымен барады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында хабарлады.
Оның сөзінше, Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қарашада Стамбұлда өтетін Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің VIII саммитіне қатысады.
"Саммит барысында сауда, цифрландыру, жасыл технологиялар және басқа да өзекті бағыттарды дамыту мәселелері жан-жақты талқыланып, Түркі кеңесі аясында көпжоспарлы өзара ықпалдастықты нығайтудың перспективалары қарастырылмақ.
Мемлекет басшысы сапар аясында бірқатар екіжақты кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр", - деп хабарлады Берік Уәли.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1941355-prezident-qasym-zomart-toqaev-zaqyn-kunderi-turkiyaga-barady/