Тоқаев жұмыс сапарымен Түркияға барды
Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға барды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің VIII саммитіне қатысу үшін екі күндік жұмыс сапарымен Ыстанбұл қаласына келді.
Мемлекет басшысы сапар барысында бірқатар елдің басшыларымен екіжақты кездесулер өткізеді деп жоспарланған", - деп жазды Уәли.
Еске сала кетсек, мемлекет басшысы Түркияда 11-12 қараша күндері болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1941766-toqaev-turkiyaga-zumys-saparymen-bardy/