Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Саакашвили аштықты тоқтатқанын мәлімдеді

Опубликовано:

Михаил Саакашвили
Михаил Саакашвили. Фото: Pavlo Conchar/SOPA Images/LightRocket via Getty Images

Михаил Саакашвили аштықты тоқтатты, бірақ сауығу кезеңі Грузиядағы жеке клиникалардың бірінде өту шарты орындалуы қажет деп хабарлайды ТАСС.

Грузияның экс-президентінің адвокаты Ника Гварамияның айтуынша, Саакашвили биліктен аштық жариялаған соң оңалтудан өткені дұрыс емхана таңдау үшін дәрігерлердің кеңесін шақыруды да талап еткен.

"Менің аштық жариялауым қазірдің өзінде ресейліктер мен қазіргі үкіметтің маған қарсы қаруына айналып барады. Мен үндеулерге құлақ асып, аштықты тоқтатуды шештім", – деді Саакашвили хатында.

Бұған қоса, Грузияның бұрынғы басшысы оппозициялық депутат Елена Хоштарияға өтініш жасап, аштықты тоқтатуға шақырды. Ол 3 қарашада Саакашвилиді жеке емханаға жатқызуды талап етіп, тамақтан бас тартты.

Еске сала кетейік, қамауға алынғаннан кейін аштық жариялаған Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили түрме ауруханасына жатқызылған еді.

Айта кетейік, өз елінде ұсталған саясаткер осыдан бір айын бұрын аштық жариялаған болатын. Бірнеше күннен кейін оның дәрігері Николоз Кипшидзе Саакашвилидің жағдайы нашарлай бастағанын хабарлаған болатын.

Кейін Михаил Саакашвилидің анасы журналистерге ұлын түрмеден тікұшақпен алып кеткенін, бірақ оның нақты қай жерде екенін білмейтінін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1941829-saakasvili-astyqty-toqtatqanyn-malimdedi/

pixel