Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-ға биыл 600 миллиард теңге инвестиция тартылды

Опубликовано:

Даниал Ахметов
Даниал Ахметов. Фото: instagram.com/danial.akhmetov.official

Өнеркәсіп өнімінің өндірісі 105 процентке өсіп, 431 мың шаршы метр тұрғын үй салынған. Бұл жөнінде өңір басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Шығыс Қазақстанның әкімі арнайы баспасөз маслихатына қатысып, жыл басынан бері атқарылған жұмыстарды қорытындылады.

Баспасөз мәслихаты 2 сағатқа созылды. Оның барысында аймақтағы медицина саласының дамуына ерекше тоқталды. Бүгінге дейін өңір тұрғындарының 99,7 проценті корновирусқа қатысты екпе алып үлгерген. Бұған қоса еліміздегі жалғыз және теңдессіз ядролық медицина орталығы іске қосылып, науқастарды қабылдап жатыр. Бүгінде дейін онда 106 адам емделіп, 378 адам тексерістен өтті.

"Көп жылда осы жұмысты бітіріп, осы жылда үлкен істі бастадық. Қиыншылық та көп болды. Қазіргі таңда біз радионуклминді терапияны және радио изотопный зерттеу мәселесін бастадық. Енді қазір дәрігерлер мына циклатронды іске асыруды қолға алды", – дейді өңір басшысы.

Өңірде сондай-ақ баламалы қуат көзіне ерекше назар аударылған. Облыс аумағында жалпы қуаттылығы 155 мегаватт болатын жеті жел электр стансасы салынып жатыр. Жұмыс жыл соңына дейін аяқталады. Биыл қуаттылығы 25 мегаватт болатын гидроэлектростанса пайдалануға берілген. Баспасөз мәслихатында Өскемен мен Шүлбі су электр стансаларын жеке меншікке беру мәселесі де көтерілді.

"Мүмкін шет мемлекетке сатамыз, мүмкін жергілікті бизнесменге сатамыз, ол енді белгісіз. Бірақ концептуалды маңызы бар қаншама инвестиция біздің елімізге келеді. Олар 60 жыл бұрын салынған. Қазір өте үлкен жаңғырту ісін істеу керек", – дейді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов.

Өңірге тартылған инвестицияның жалпы көлемі 600 млрд. теңгеден асады. Қай жағынан алып қарасақ та, биылғы 10 ай аймақ үшін әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық көрсеткіші бойынша табысты болды. Облыс әкімі өз баяндамасында алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға да тоқталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1942015-sqo-ga-biyl-600-milliard-tenge-investiciya-tartyldy/

pixel