RU

Елбасы Дәулет Сембаевтың жақындарына көңіл айтты

Мемлекет басшысы
Фото: Ақорда

Тұңғыш президент көрнекті қаржыгер, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Дәулет Сембаевтың өмірден өтуіне байланысты отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Elbasy.kz.

"Саналы ғұмырын отандық қаржы саласын дамытуға арнаған Дәулет Хамитұлы тәуелсіз Қазақстанның зейнетақы жүйесін реформалауға, ұлттық валютамыз – теңгенің енгізілуіне елеулі үлес қосқан қайраткер тұлға болатын. Ол көптеген жауапты қызметтерді абыроймен атқарды. Премьер-министрдің бірінші орынбасары, Ұлттық банк төрағасы, парламент сенатының депутаты болды.

Білім-білігімен және қажырлы еңбегімен еліміздің өсіп-өркендеуіне аянбай атсалысып, көптің зор құрметіне бөленді", – делінген жеделхатта.  

Елбасы Дәулет Сембаевтың  жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталатынына сенім білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, белгілі қаржыгер, еліміздің зейнетақы реформасының негізін салған қайраткер, экс-сенатор Дәулет Сембаевтың көз жұмғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1942228-elbasy-daulet-sembaevtyn-zaqyndaryna-konil-aitty/