Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елбасы Түркі мемлекеттері ұйымының құрылғанына қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Нұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: elbasy.kz

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркі кеңесінің атауын Түркі мемлекеттері ұйымы деп өзгертуге қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Анадолу ақпараттық агенттігі.

Назарбаев өткен жұмада Ыстанбұлда өткен Түркі кеңесі елдері көшбасшыларының саммитіне қатысушыларға бейнеүндеу жолдады.

Өз жолдауында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға Түркі кеңесінің құрметті төрағасы ретінде саммитке қатысуға шақырғаны үшін алғысын білдірді.

"Менің бастамаммен биыл көктемде өткен Түркі кеңесінің бейресми онлайн саммитіне қатысқаныңыз үшін алғыс айтамын. Сіздің шешіміңізбен Түркістан қаласы түркі әлемінің рухани астанасы мәртебесін алды.

Күні кеше осы қалада Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының 10-шы мерейтойлық сессиясы сәтті өтті. Алдағы уақытта, Алла қаласа, сіздің де жолыңыз киелі Түркістанға түседі деп сенемін. Біздің халықтар өз елдерінің егемендігі туралы алғаш білгендердің – саммитке қатысушылардың жадында мәңгі сақталады. Біз тарихи жетістіктер мен түркі елдерінің жетістіктерін мақтан тұтамыз. Сонымен қатар, біздің мемлекеттер жаңа өршіл ұлттық даму мақсаттарын алға қойды", – деді Қазақстанның тұңғыш президенті.

Сондай-ақ Елбасы екі жыл бұрын Әзірбайжан астанасы Бакуде айтылған екі ұсынысын қолдағаны үшін Түркі кеңесі басшыларына алғыс айтты.

"Алдымен "Түркі әлемінің болашағы 2040" стратегиялық құжаты әзірленіп, қабылданды. Бұл тұжырымдамалық бағдарлама ұйымның ұзақ мерзімді мақсаттарын анықтайды.

Екіншіден, біздің бірлестігіміз бүгіннен бастап "Түркі мемлекеттерінің ұйымы" деп аталады. Бұл қадам бізді елдеріміз арасындағы өзара іс-қимылды ілгерілету үшін жаңа деңгейге көтеріп, ұйымның миссиясын жүзеге асыруға жаңа серпін береді деп сенеміз.

Осылайша, Ыстанбұлда қабылданған шешімдер бауырлас мемлекеттердің көпқырлы ынтымақтастығын жандандыруға айтарлықтай әсер етуі тиіс", – деп қосты Назарбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1942304-elbasy-turki-memleketteri-uiymyn-quruga-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel