Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев пен Мирзиёев телефон арқылы сөйлесті

Опубликовано:

Президент
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты күн тәртібіндегі барлық бағыт бойынша Қазақстан мен Өзбекстанның стратегиялық серіктестігін одан әрі дамыту мәселелері жөнінде пікір алмасты.  

Сондай-ақ сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыруға, инвестициялық ықпалдастықты нығайтуға, сондай-ақ өнеркәсіп, машина жасау, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға басымдық берілді.

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы көпжақты қатынастарға тың серпін беру мақсатында тараптар президент Шавкат Мирзиёевтің Қазақстанға мемлекеттік сапарын жыл соңына дейін ұйымдастыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді.

Осыған байланысты екі елдің үкіметтеріне алдағы келіссөздердің жоғары деңгейде жүргізілуін қамтамасыз етуге тапсырма берілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1942624-toqaev-pen-mirziyoev-telefon-arqyly-soilesti/

pixel