Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елбасы: Осы жылдар ішінде Ұлыбританиямен өте жақсы қарым-қатынас орнаттым

Опубликовано:

Elbasy.kz
Фото: Elbasy.kz

Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Британия-Қазақстан қоғамының төрағасы Руперт Гудманмен кездесті деп хабарлайды Elbasy.kz.

Кездесуде тараптар «Астана клубының» отырысы барысында қозғалған Еуразия елдерінің дамуы тақырыбына қатысты пікір алысты.

"Сізге «Астана клубының» отырысына қатысқаныңыз үшін ризашылығымды білдіремін. Мен осы жылдар ішінде Ұлыбританиямен өте жақсы қарым-қатынас орнаттым", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Руперт Гудман «Астана клубының» отырысы жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айтты. Сондай-ақ күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді кездесіп, талқылауға мүмкіндік жасалғаны үшін Елбасыға алғысын жеткізді.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қазақстанның Тұңғыш президенті «Астана клубының» алтыншы отырысына қатысқаны туралы хабарлаған едік.

Нұрсұлтан Назарбаев жиынға қатысушыларға ілтипат білдіре отырып, «Астана клубы» беделді саясаткерлер, дипломаттар және дүниежүзілік деңгейдегі сарапшылар бас қосқан алаң ретінде халықаралық аренада бірегей орынға ие болып отырғанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1942703-elbasy-osy-zyldar-isinde-ulybritaniyamen-ote-zaqsy-qarym-qatynas-ornattym/

pixel