Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрсұлтан Назарбаев Түркияның бұрынғы прездиентімен кездесті

Опубликовано:

Назарбаев
Фото: Elbasy.kz

Қазақстанның Тұңғыш президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының бұрынғы gрезиденті Абдулла Гүлмен кездесті деп хабарлайды Elbasy.kz.

Кездесуде Елбасы Абдулла Гүлге «Астана клубының» жұмысына белсене қатысқаны үшін ризашылығын білдірді.

"Сіз отырыста жақсы сөйледіңіз. Мен сіздің идеяларыңызды қолдаймын. Кезінде біз екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, экономикалық интеграцияны дамыту жолында көп жұмыс атқардық. Бұл іс қазір де жалғасып жатыр," – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Абдулла Гүл «Астана клубы» отырысының аясында жаһандық күн тәртібі мәселелерін талқылаудың өзектілігіне тоқталып, Нұрсұлтан Назарбаевтың «Үлкен Еуразия» құрлығында ынтымақтастық пен қауіпсіздікті нығайту ісіндегі маңызды рөлін атап өтті.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қазақстанның Тұңғыш президенті «Астана клубының» алтыншы отырысына қатысқаны туралы хабарлаған едік.

Нұрсұлтан Назарбаев жиынға қатысушыларға ілтипат білдіре отырып, «Астана клубы» беделді саясаткерлер, дипломаттар және дүниежүзілік деңгейдегі сарапшылар бас қосқан алаң ретінде халықаралық аренада бірегей орынға ие болып отырғанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1942704-nursultan-nazarbaev-turkiyanyn-buryngy-prezdientimen-kezdesti/

pixel